«Бірі 300 млн теңге, бірі 1,6 млрд теңге алған». Тоқаев әкімдерге жаңа тапсырма берді

07.10.2020
«Бірі 300 млн теңге, бірі  1,6 млрд теңге алған».  Тоқаев әкімдерге жаңа тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша өткен кеңесте  дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты айтты. Сондай-ақ өңірлердегі дайындық барысын пысықтады.  

«Біз жаз айларында дәрі-дәрмек тапшылығын айқын сезіндік. Менің тапсырмам бойынша нақты жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, екі айға жететін қор жасақталып, ең қажетті деген дәрі-дәрмектің тізімі ұлғайтылды. Оны сырттан әкелу және тіркеу тәртібі жеңілдетілді. Бірақ, өңірлерде дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қорларының көлемі және дайындық жұмыстары біркелкі емес. Мысалы, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында – екі жүз миллион теңгеден. Маңғыстау облысында – үш жүз миллион теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласында бір миллиард алты жүз миллион теңге, Алматыда – бес миллиард теңге», - деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Маңғыстау және Алматы облыстарында емханалар мен ауруханалардың дайындығы нашар екендігін айтып, осы олқылықтарды Үкімет пен әкімдер дереу түзетуге міндет қойды.

«Үкіметке әкімдермен бірлесіп, екі апта ішінде тұрақтандыру қорларын белгіленген нормативке сәйкес жасақтауды және медицина инфрақұрылымының толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді ол.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмек емхана аурухана Денсаулық сақтау министрлігі мәселе облыс Үкімет

Хабарламаларға жазылу