СҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 236 адам кәсіп ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 236 адам кәсіп ашты

16.01.2024

Солтүстік Қазақстанда «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 236 адам несие алып, кәсібін бастады.

Бұл мақсатқа республика қазынасынан 1 млрд 800 млн теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, өндіріс және тағы басқа салаларда жаңа нысандар ашылды. Нәтижесінде 240 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды. Солардың бірі - Прибрежное ауылындағы техникалық қызмет көрсету станциясы. Жергілікті кәсіпкер Станислав Волков 8 млн теңге несие рәсімдеп, қажетті қондырғылар сатып алған.

Станислав Волков, кәсіпкер:

Бағдарлама іске қосылғанын естіп, несие рәсімдеуге өтініш бердім. Бірнеше жылдан бері кәсіп ашуды армандап жүр едім, сәті түсті. Жалға ғимарат алдым. Тұтынушылар аудан орталығы, жақын маңдағы елдімекендерден де келеді. Жаныма тағы бір жұмысшы алмақпын.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу