Қазақстанда сыбайластық үшін соттауға болатын адамдардың аясы кеңейді – Антикор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда сыбайластық үшін соттауға болатын адамдардың аясы кеңейді – Антикор

07.10.2020
Қазақстанда сыбайластық үшін соттауға болатын адамдардың аясы кеңейді – Антикор

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңға сәйкес, тек депутат қана емес, мемлекеттік қызметкер, квазимемлекеттік сектордағы ұлттық компания басшылары мен қатардағы қызметкерлері немесе олардың отбасы мүшелері қандай да бір әрекеті үшін жеке/заңды тұлғадан сыйлық алса, сотталады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов заңның нормаларын түсіндіріп, сыбайластық үшін соттауға болатын адамдардың аясы кеңейгенін хабарлады.  

«Азаматтық кодексте мемлекеттік қызметкерлерге кез келген құнды сыйлық тартуға тыйым салынған. Өздеріңіз білетіндей, қазір Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес, мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаларға, оларға теңестірілген тұлғаларға, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаларға немесе лауазымды тұлғаларға бұрын жасаған заңды әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін құны 2 айлық есептік көрсеткіштен (5556 теңге –авт.) асатын сыйлық тарту қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Ал, әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 676 және 678-баптарына сәйкес, жеке немесе заңды тұлғалардың аталған тұлғаларға заңсыз сыйлықтар беруі әкімшілік сыйбалас жемқорлықтың әрекеті болып табылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын тұлғалардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынған», -деді заң нормаларын түсіндірген ол.  

Екіншіден, Бектенов хабарлағандай, заңда сыбайлас жемқорлық субьектісі болатын, яғни, сыбайлас жемқорлығы үшін соттауға келетін квазимемлекеттік сектордағы лауазымды адамдардың аясы кеңейді. «Енді квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың сатып алуды өткізуге және ұйымдастыруға уәкілетті, мемлекеттік бюджет пен ұлттық қордан қаржы бөлінген жобаларға жауапты қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлер сияқты сыбайлас жемқорлық үшін ждауап береді. Бұрын бұл норма квазимемлекеттік сектордағы бірінші басшыларға ғана қолданылатын», - деп хабарлады Бектенов.


Сыбайлас жемқорлық Бектенов Антикор коррупция

Хабарламаларға жазылу