Құс тұмауы: Құжаттары заңды шаруалардың бәріне өтемақы төленеді
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров брифинг барысында құс тұмауына қатысты сұрақтарға жауап берді.
«Құс тұмауының өршу шамасы тоқтады. Республика аймағындағы фабрикаларда құс тұмауы жоқ. Жеке шаруашылықтарда төмендеп келе жатыр. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола облыстарында құстардың қырылуы төмендеді. Қазір әр облыс бойынша әкімдіктерде жұмысшы топтар құрылып, қырылған құстардың есебін шығарып, өтемақы төлеуге дайындық жасалып жатыр. Өтемақы төлеу үшін қаражат дайын. Қаржы жұмыс тобының шешімімен төленеді», - дейді министр.
Қазақстан бойынша 593 мың құс қырылған. Оның ішінде жеке шаруалықтарда 24-те 8 мың бас. Құс фабрикаларында 308-де 5 мың бас. Тауықтың өтемақысы 944 теңгеден басталады. Қаздар 5321 теңге, үйректер 2744 теңгеге бағаланып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуде Түркістан облысы көш басында
19.08.2026, 17:25
Қарағандыда ерекше алма бақ жайқалып тұр
19.08.2026, 17:22
«Таза Қазақстан»: 117 мың гектар аумақ тазартылды
19.08.2026, 17:20
Оралда «Экоquest» сайысы өтті
19.08.2026, 17:17
БҚО-да BalaQorgany AI жаңа цифрлық платформасы таныстырылды
19.08.2026, 17:15
Академия курсанттары киберқауіпсіздік негіздерін меңгереді
19.08.2026, 17:13
Әділетті қоғамның негізі – азаматтық жауапкершілік
19.08.2026, 17:10
Семейде инклюзивті мектептер ашылады
19.08.2026, 17:03