Шонжы ауылына 4 санитарлық бекет қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шонжы ауылына 4 санитарлық бекет қойылды

27.11.2020

Алматы облысының Шонжы ауылында карантиндік шаралар күшейтілді. Елді мекенге кіретін жолдарға санитарлық бекеттер қойылды. Соңғы бір аптада бұл ауылда 21 адам коронавирус жұқтырған. Шонжыға енді тек сол ауылдың тұрғындары мен халыққа қызмет көрсеттін мекемелердің өкілдері кіре алады.

Төрт бекетте тәртіп сақшылары мен дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын тексеріп тіркеп отырады. Бір ескеретін жәйт, аудан аумағындағы ыстық су көздеріндегі туристік орталықтар санитарлық талаптарды орындай отыра жұмысын жалғастыра бермек. 

Қуаныш Қанатұлы


Шонжы ауылы санитарлық бекет

Хабарламаларға жазылу