Ел жастарының 40 пайыздан астамы шетелге кетуді көздейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел жастарының 40 пайыздан астамы шетелге кетуді көздейді

06.10.2020

Елдегі жастардың 40 пайыздан астамы шетелге кетуді жоспарлайды. Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілдері осылай дейді.

Олар бұл көрсеткішті 1 пен 29 жас аралығындағы жастарға сауалнама жүргізіп анықтаған. Сол себепті жастарға арналған бағдарламаларды әлі де жетілдіру қажет. Өйткені өзге мемлекетке қызығудың басты себептері – жоғары табысты жұмыс іздеу, еңбегіне сай бағалайтын компанияларда қызмет ету. Сондай-ақ елімізде жас ғалымдардың өзін дамыту тетіктері мен білім саласын қаржыландырудың аздығы. Мәселен, жоғары білім саласына бюджеттен бөлінетін ақшаның бір студентке шаққандағы көлемі шетелден әлдеқайда төмен.

Ислам Сұңқар, ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы:
Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, Қазақстанда жоғары білім бағытында адам басына мың долларға жуық ақша бөлінеді. Ресейді қарайтын болсақ, 9 мың доллар. Қытайда 3 мың доллардан астам, АҚШ-та одан да 11 мың доллардан астам ақша бөлінеді.

Амангелді Сейітхан

сауалнама Қазақстан жастары Қазақстан коммунистік халық партиясы

Хабарламаларға жазылу