«Arabtec» банкротқа ұшырады. «Абу-Даби Плазаның» құрылысы не болады?
«Arabtec» компаниясының банкротқа ұшырауы «Абу-Даби Плазаның» құрылысына әсер етпейді. «Kazakh invest» ұлттық компаниясының өкілдері осылай деп хабарлады. Еске салайық, 30 қыркүйекте «Arabtec» холдингі жабылатынын жеткізді. «Arabian Business»-тің хабарлауынша, компания жарты жылда 216 млн доллар шығынға батқан. Құрылыс компаниясының еншілес ұйымы елордадағы құны 1,6 млрд долларды құрайтын «Абу-Даби Плаза» ғимаратын салып жатқан. Құрылысы осыдан 10 жыл бұрын басталған ғимарат 2016 жылы толық бітуі тиіс еді.
Николай Путилин, «Kazakh Invest»ҰК» АҚ баспасөз хатшысы:-Бұл үлкен жобаның құрылысына еш әсер етпейді. Инвесторлардың айтуынша, жобаның құрылысы осы жылдың аяғына дейін сәтті аяқталады және іске қосылады.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07