ШҚО-да 8,5 мыңнан астам мал айыппұл тұрағына қамалды
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 8,5 мыңнан астам мал арнайы айыппұл тұрағына қамалды. Аймақтағы полицейлердің айтуынша, бұл барымтамен күресудің бір жолы. Себебі ұрылардың көзі бірінші кезекте иен далада, қараусыз жүрген малға түсетіні белгілі. Сонымен қатар, тасжол маңында жүрген төрт түліктің кесірінен жол-көлік оқиғасы да жиі болады. Осындай жағдайларды болдырмау үшін облыс бойынша барлығы 262 уақытша мал қамайтын орын дайындалған. Мұндай жерге егістікке түсіп кеткен және құлағында сырғасы жоқ мал да жеткізілуде. Олардың иелеріне, 2 мыңнан астам адамға айыппұл салынған.
Талғат Нұриев, ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:
Өріске бос жібере салады. Малдарына қарамайды. Ол малдың қайда жүргенін ешкім білмейді. Содан кейін бір апта өтіп, он күн өтіп, өріске барғанда таппайды. Одан соң «менің малым ұрланды» деп арыз жазады. Сосын учаскелік полиция инспекторы сол малды тапқанша іздеп жүреді.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04