Атырау облысының жедел жәрдем станциясы 22 жаңа көлікпен толықты
Атыраудағы облыстық жедел жәрдем станциясына 22 жаңа көлік берілді. Заманауи техника толық автоматтандырылған. Әрі бейнебақылау жүйесіне қосылған. Науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралдармен толық жабдықталған. Биылғы жылдың қараша айында тағы 18 медициналық жедел жәрдем көлігі жеткізіледі. Ал келесі жылы 60 санитарлық автокөлік сатып алу жоспарлануда.
Лаура Жанысбаева, облыстық жедел жәрдем станциясының кардиолог дәрігері:Эпидемия кезінде қиындықтың бәрін көзімізбен көрдік. Бұрын-соңды болмаған осы машинаның ішінде видеокамера деген бөлім бар. Видеокамерадан біздің дер кезінде алғашқы көмек көрсеткенімізді, не жасағанымызды, науқастың жағдайы қандай болғанын бәрін көрсете алады. Біз өте қуаныштымыз.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05