Түркістанда балаларын ұрып-соққан ер адам жұмыс істемеген. Ол қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда балаларын ұрып-соққан ер адам жұмыс істемеген. Ол қамауға алынды

05.10.2020
Түркістанда балаларын ұрып-соққан ер адам жұмыс істемеген. Ол қамауға алынды

Естеріңізге сала кетсек, полицейлер 4 қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде ер адам кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбаны анықтады. Аталған жайт Қазығұрттың полициясында Қылмыстық кодекстің 110-бабының  "Азаптау" бөлігіне сай тіркелді.

Сол күні балалардың анасы күйеуінің өз балаларын ұрып-соққанын айтып, полицияға арызданған. Полицейлер тез арада жұмыссыз ер адамды ұстады. Ерлі-зайыптылардың 2011 жылдан бері некеде тұрғаны анықталды. Екеуінің ортақ үш баласы бар. Бұған дейін әйел 2018 жылы полицияға күйеуін ұрып-соғу туралы ауызша айтқан, бірақ өтініш беруден бас тартқан. 2019 жылдың сәуірінде ол тағы да  дене жарақатын алып,  полицияға жүгінген. Алайда әйелі күйеуін кешіргендіктен, іс медиация арқылы тоқтаған.  Содан кейін жұбайы қайтадан жауапкершіліктен құтылған.

Қазіра аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды. Ер адам қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті.


түркістан облысы баланы ұрып-соғу

Хабарламаларға жазылу