Басты Жаңалықтар Өскеменде жұрт көпқабатты үйдің жертөлесінде бассейн ашуға қарсы

Өскеменде жұрт көпқабатты үйдің жертөлесінде бассейн ашуға қарсы

Өскемендегі көпқабатты үй тұрғындары жертөледегі бассейнге қарсы. Мүмкіндігі шектеуші балаларға арналған салауатты жүзу орталығы 9 қабатты үйдің астында орналасқан. Ресми түрде жұмысын бастамаса да, жұрт әлден мүңкіген жағымсыз иіске шағымдануда. Шағын бассейін жаңадан салынған тұрғын үйдің астынан ашылмақ. Орталықтың кіреберісінде атауы ілініп қойған. Бірақ, тұрғындар қазірден шағым айтып жатыр.  

Болтабек Мушебаев, қала тұрғыны:  
-Үйге кісі келсе ұят. Ондай болған соң болашақта құрт-құмырсқа қаптайды.
Гүлмира Күзембаева, қала тұрғыны:  
-Осы мәселе бойынша біз қалалық әкімдікке, санитарлық-эпидемиологияқ станцияға хат жаздық. Олар оның бәрін қарастырып жатырмыз деді, бірақ әлі де шешім болған жоқ.

Бассейінді ашып жатқан адам жертөлені осы үйде орналасқан дүкен иесінен жалға алған. Кәсіпкердің өкілі ретінде келген азамат бәрі заңға сай деп санайды.  

Алмаз Нұрғалиев, дүкен иесінің өкілі:  
-Дүкенді жертөлемен қосып жеке тұлғадан сатып алған. Құжаттар заң бойынша рәсімделген. Мұнда бассейн ашқысы келген адамдардың басқа жерде осындай кәсібі бар. Оны барып көрдік, жұмыс істеп тұр, құжаты бәрі заңды. Ал мына үйдегі бассейін әлі ресми түрде ашылған жоқ.

Бұл тұрғын үйдің салынғанына 2-3 жыл ғана болды. Қазір мұнда 140-тан астам отбасы тұрады. Олардың көбі қазір алданып қалдық деген оймен жүр. 

Жібек Қалиева, қала тұрғыны: 
-Біз сатып алар кезде мына үйдің астында бассейн болатынын білген жоқпыз. Егер білсек бұл үйден пәтер алмаушы едік.

Дүкен иелері бассейін болатын жерге әкімдік қызметкері мен журналистерді кіргізбеді. Ал жүзу орталығына кіруге рұқсат алған 3-4 тұрғындар жағаларын ұстап шықты. 

Әйгерім Мұхамадиева, қала тұрғыны: 
-Судың қайда ағатыны белгісіз. Біздің үйдің кәріздік жүйесіне немесе олар бөлек бір жерге ағыза ма? Жертөледе қолданылатын су мен жарықтың есептегіш құралдарын көре алмадық.

Тұрғындардың айтуынша, жүзу орталығын ашып жатқан кәсіпкер олармен сөйлесуден бас тартқан. Пәтер иелері қайткенде осы бассейіннің ашылуына қарсы. Келген әкімдік өкілі де өзекті мәселені дұрыс шешу үшін өз тарапынан біраз шаруа атқаратынын айтып кетті.

Берік Көшербай

Бөлісу