Қарттар күніне орай 200 мыңнан астам зейнеткерге біржолғы көмек беріледі
Қарттарым - асыл қазынам. Бүгінгі мерекеге орай Ауған және аймақтық соғыс ардагерлері одағының мүшелері Шымкент қаласында тұратын бір топ қарияға құрмет көрсетті. Оларға мерекелік дастархан жайып, азық-түлік себетін берді.
«Бүгінгі қариялар - бір кезде ел, халық игілі, келешек ұрпақ үшін аянбай еңбек еткен буын. Еліміздің өсіп - өркендеуіне, бейбітшілікте тыныш өмір сүруіне өз үлестерін қосқан жандар. Сондықтан да олардың өмір жолдары - бүгінгі ұрпаққа өнеге, таптырмас қазына», - дейді ауған соғысы ардагелері.
Жалпы Одақ мүшелері Қарттар күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде қайырымдылық шарасын өткізіп келеді.
Бүгінгі мерекеге орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі тарапынан еліміздегі 216 мың зейнеткерге бірреттік материалдық көмек берілетін болды. Оған 2,3 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ 1 қазаннан бастап ел аумағында қарияларға қамқорлық айлығы басталды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07