Павлодар облысында тағы үш ауыл карантинге жабылады
Павлодар облысында құс тұмауы күннен-күнге өршіп барады.
Індет 3 аудандағы 4 елді мекенде анықталса, бүгін тағы 3 ауылда тіркелді. Ауру ошағы анықталған Ақтоғай және Баянауыл, Железин ауданының Озерное ауылдары карантинге жабылады. Бүгінге дейін өңірде 3000-нан аса қанатты қырылып қалған. Аймаққа қосымша 37000 вакцина жеткізілді.
Баке Тасыбаев, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының басшысы орынбасары:Ақтоғай қырылған құстың саны - 357, Баянауылда - 48, Озерное ауылында 150 бас. Атап өткендей, карантин мерзімі қолданылғаннан кейін ауылдағы барша құс тәркіленіп, жойылады. Ережеге сәйкес, оларға өтемақы төленеді.
Аяулым Рақымжанова
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07