Екібастұзда алимент төлемеген адам 4 бөлмелі пәтерінен айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда алимент төлемеген адам 4 бөлмелі пәтерінен айырылды

01.10.2020
Екібастұзда алимент төлемеген адам 4 бөлмелі пәтерінен айырылды

Павлодар облысының жеке сот орындаушысы алимент бойынша қарызы үшін Екібастұз тұрғынының 4 бөлмелі пәтерін сатты. Бұл Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

2016 жылдан баласына алимент төлемеген әке жалпы сомасы 2,2 млн теңге мөлшерінде қарыз болып қалған.

Борышкер бірнеше рет жеке сот орындаушысына шақырылып, баласын асырап-бағуға қаражат төлеу қажеттілігі туралы ескерту алған. Алайда ол сот шешімін назарға алмаған.

Осыған байланысты Павлодар облысының жеке сот орындаушысы Екібастұз қалалық сотына жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы ұсыным берді. Кейіннен электрондық аукцион қорытындысы бойынша жоғарыда аталған пәтер 4,6 млн теңгеге сатылды.

Жеке сот орындаушысының іс-әрекетінің арқасында бала заңмен белгіленген 2,2 млн теңге мөлшеріндегі қаражатқа ие болды, қалған сома борышкерге қайтарылды.

алимент борышкер Екітастұз

Хабарламаларға жазылу