Шымкентте үй құстарын егу жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте үй құстарын егу жұмыстары басталды

30.09.2020

Павлодар облысының 5 ауданында құс өлімі тіркеліп, соның тек үшеуінде індет тіркелгені анықталды. Қазір үш аудан мен төрт елді мекен карантинге жабылды. Бүгінде ауру ошағы анықталған Тереңкөл, Железин аудандарында барлығы 7385 құс жойылды. Құс тұмауынан 3163 қанатты қырылған. Бұдан бөлек, Ресеймен шекаралас 7 аудандағы 254 мыңнан астам құсқа вакцина салынды. Облысқа Нұр-Сұлтан қаласынан тағы 38 мың вакцина жеткізілмек. 

Сұңғат Есімханов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:
-Біздің облыста 3 ауданда дәлелденді. 5 ауданда құс өлімдері тіркелді. Бірақ біздің әріптестер тиісті шаралар қолданып жатыр. Вакцинация толық жасап, құстың санын сақтау шаралары қабылдануда.

Шымкент қаласында құс тұмауының алдын алу мақсатында үй құстарына жаппай дәрі егу жұмыстары басталды. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан бөлінген 33 мың доза екпе ең алдымен Текесу, Бадам, Тоғыс және Тұлпар өзендері маңындағы үй құстарына салынуда. Өйткені жабайы құстардың жылы жаққа қоныс аудару кезінде су айдындары төңірегіндегі эпидемиологиялық ахуал күрделене түседі. Қала аумағында қазір 6 ветеринариялық бекет жұмыс істеуде. Жалпы қазіргі есеп бойынша Шымкентте 1 миллионға тарта құс бар. Таяу күндері шаћарға тағы 70 мың доза екпе жеткізіледі. Шымкент қаласы бойынша бүгінгі күнге құс тұмауы ауруы тіркелмеді және эпизоотиялық ахуал тұрақты.  

құс тұмауы шымкент үй құстары

Хабарламаларға жазылу