СҚО наркологиялық орталықтың басшысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО наркологиялық орталықтың басшысы ұсталды

09.06.2016
СҚО наркологиялық орталықтың басшысы ұсталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті облыстық наркологиялық орталықтың басшысы Б.Ибраевты ұстады.

Ұлттық бюро ақпаратына қарағанда, Б.Ибраевтың «Сардар Қызылжар» ЖШС-нің құрылтайшысынан күзет қызметін көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысында оң шешім шығарып беру үшін 150 мың теңге пара алғандығы анықталып отыр.

Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу