ҚХКП ауыл шаруашылығындағы субсидия мәселесін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХКП ауыл шаруашылығындағы субсидия мәселесін талқылады

29.09.2020

Елімізде ауыл шаруашылығын қолдауға жыл сайын миллиардтап қаржы бөлінеді. Алайда оның өтеуі төмен. Өндірушілердің өнімі жыл сайын қымбаттайды, бірақ өркендегені байқалмайды. Яғни, қаржы қанша құйылса да, жұмыс алға баспай, шаруа шатқаяқтай береді. Мысалы, былтыр республика бойынша аграрлық салаға 260 млдр теңге субсидия берілген. Ал түскен салықтың көлемі 50 млдр теңге ғана. Қостанайда Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы дөңгелек үстел өткізіп, осы субсидияға қатысты түйткілдерді талқылады. Үкімет назарына ұсынатын талап-тілектерін әзірледі.

Алпысбай Әлімбаев, ҚХКП белсендісі:
Ақша бөлінгесін ол өз жұмысын істеу керек. Оған не кедергі? Соны бүгін біз шешуге тиіспіз. Халыққа жетпей жатыр ма, тиісті ақпарат тапшы ма? Көп бағдарламалардың орындалмауы, көп ақшаның орнына жұмсалмай банкте қалып жатқаны коррупция, бюрократиядан ба? Сәке, Мәке көбейіп, өз туыстарына беріп жатыр ма? Сол жағдайлардың бәрін қарастырамыз.

Хабарламаларға жазылу