Қалаға улы газ таратқан Балқаш мыс қорыту зауытына айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қалаға улы газ таратқан Балқаш мыс қорыту зауытына айыппұл салынды

29.09.2020

Балқаш қаласындағы мыс қорыту зауыты экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін миллион теңгеден астам айыппұл төлейтін болды. Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік желіге жүктеген бейне жазбасынан соң, экологтар мұнда жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Айтуларынша, жылдағы жөндеу жұмыстарына орай күкірт қышқыл цехындағы қондырғылар уақытша тоқтатылған. Дәл осы күні жел соғып, улы газ қаланы басқан. Алайда тексеріс кезінде мамандар ауадағы зиянды қалдықтардың шекті мөлшерден аспағандығын анықтады. Сондықтан қоршаған ортаға қаншалықты залал келгендігін дөп басып айта алмай отыр. «Дегенмен экология талаптары бұзылған», - дейді табиғат жанашырлары

Азамат Бектасов, экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:
Өндірістен шыққан шаң-тозаңды сүзгіден өткізетін қондырғы дұрыс жұмыс істемеген. Әрі күкірт қышқыл цехының жұмысы уақытша тоқтатылғандықтан, қалаға улы газ тараған. Зауыт басшылығы желдің бағытын, барлығын ескеру керек еді. Сондықтан айыппұл салынды.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу