Алматы облысында телефонын қуаттамақ болған оқушыны тоқ соғып, қайтыс болды

29.09.2020

Жасөспірімнің ажалы ұялы телефоннан болды. Алматы облысында 15 жастағы оқушы қуатталып тұрған смартфоннан тоқ соғып, көз жұмды. Қайғылы оқиға 26 қыркүйек күні түнгі 22:00 шамасында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында болған. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды.  

Ақбота Әзірбек, Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:
Алғашқы болжам бойынша, жәбірленуші қыз қуатталып тұрған ұялы телефон арқылы тоқ алған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша адам өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу