Елордада жолақыны банк картасымен төлеуге болатын жүйе сынақтан өтіп жатыр. Транзакция жасау үшін кез келген екінші деңгейдегі банк картасын немесе телефонды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тигізу керек, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ілкі жоба №20 бағыттағы қоғамдық көлікке енген. Төлем жүйесі шамамен бір ай мерзімге тест режимінде жұмыс істейді.
Жалпы, VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасауға болады. Жолаушылар электронды билетті smsbus.kz сайтынан ала алады.
CTS компаниясының мәліметіне сүйенсек, автобуспен жүретін елордалықтардың 20% жолақыны банк картасы байланыстырылған мобильді қосымшалар арқылы төлейді. Сондықтан компания банк карталарынан тікелей төлем қабылдау мүмкіндін қарастырып жатыр.