Атақты дәрігер Ерік Байжүнісов үйқамаққа алынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы қызметі дәрігер Ерік Байжүнісовтің үйқамаққа алынғанын хабарлайды.
Ерік Байжүнісов бұрын денсаулық сақтау вице-министрі болған. Ал, жуырда ғана, 2020 жылдың төртінші тамызында ол «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығының» бас директоры қызметіне тағайындалған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қызметі бірнеше рет пара алды деген күдікпен Ерік Байжүнісовті үйқамаққа алды. Қазір қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты, обьективті зерттеуге арналған тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуге қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды», - делінген агенттіктің хабарламасында.
Ерік Байжүнісов хирург, ол Алматының мемлекеттік медицина университетін тәмамдаған. Сонымен қатар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында да жұмыс істеген. Осы қордың басшылығы да қазір сыбайлес жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің назарына іліккен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02