454 мың адам: Қазақстанда жұмыссыздар саны 5%-ға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

454 мың адам: Қазақстанда жұмыссыздар саны 5%-ға өсті

29.09.2020
454 мың адам: Қазақстанда жұмыссыздар саны 5%-ға өсті

2020 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда жұмыссыздар саны 454 мың адамды құрады. Бұл 2019 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 2,8%-ға көп. Осылайша жұмыссыздық деңгейі 5%-ға өсіп отыр (бір жыл бұрын 4,8% болған еді).

Жұмыссыздардың 216,3 мыңы - ерлер, 237,7 мыңы - әйелдер. Ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі - 4,6%, әйелдер арасында 5,4% болды.

Әсіресе, ауылға қарағанда қалада жұмыссыз жүргендердің қатары көп. Мәселен, ауылдардағы жұмыссыздар саны 174,7 мың адам болса (жұмыссыздық деңгейі 4,7%), қалаларда 279,2 мың адамды құрайды (жұмыссыздық деңгейі 5,1%).

Жұмыссыздар саны мына өңірлерде көп тіркелген: Алматы қаласы, Алматы және Түркістан облыстары.

Алматыда 54 мың жұмыссыз азамат бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,3%-ға көп. Сондай-ақ Алматы облысында екі қолға бір күрек таппай жүрген 49,4 мың (+3%) адам тұрады. Түркістан облысындағы жұмыссыздар саны 42,3 мың адамды құрайды (+0,6%).

Азаматтар әртүрлі себептермен жұмыссыз қалған. Мысалы, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 109,6 мың адам жұмыс таба алмай жүр. Тағы 21,4% немесе 97,2 мың адам өз еркімен жұмыстан кетіп, кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан (өткен жылмен салыстырғанда 20,8% аз). 

20,6% немесе 93,4 мың қызметкер ұйым штатының қысқаруына, таратылуына және банкроттыққа ұшырауына байланысты немесе келісімшарттың аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған (+8,2%).

Дереккөз: finprom.kz

Хабарламаларға жазылу