Ақтөбе облысындағы 180 бекеттің 60-қа жуығында газ жоқ
Ақтөбеде сұйытылған газ тапшы. Облыстағы 180 бекеттің алпысқа жуығында газ жоқ. Қыркүйекке жоспарланған 11 мың тоннаның орнына 9,5 мың тоннасы ғана берілген. Мамандар оның себебін Жаңажол газ өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарымен байланыстырады. Сұйытылған отынның бір бөлігін Атырау облысынан алу жоспарланған, алайда газ тасымалдау компаниялары одан бас тартқан. Өңірдің тұтыну көлемі 13 мың тонна. Қазір бекеттерде газдың литрі 49-54 теңге аралығында. Жауапты мекеме өкілдері бағада өзгеріс болмайды деп сендірді.
Айбек Қайыр, Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
-Қазан айына 12 082 тонна қарастырылған. Жоспарға сәйкес келісімшарт жасалған.
Газ тапшылығы Ақтауда да сезілді. Қазір газ құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Алайда, жергілікті атқа мінерлер өңірде газ тапшығы жоқ дегенді алға тартады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07