Жомарт Ертаев бас бостандығынан айырмауды сұрады
RBK-Bank-ке тиесілі 144 миллиард теңгені заңсыз иемденді деген айып тағылған экс-банкир Ертаев бұл қаражатты 2011-2017 жылдар аралығында жымқырған. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан сот барысында айтылды. Тергеу изоляторында отырған Жомарт Ертаев өз кінәсін толық мойындады. Ол қылмысты ұйымдастыру, біреудің сеніп тапсырған мүлкін иемдену және қылмыстық жолмен ірі көлемде ақша алу баптары бойынша айыпталып жатыр. Осы іс бойынша Ертаевтан бөлек тағы 36 адам тергелген еді. Олардың көпшілігі тағылған айыппен келісіп отыр. Айыпталушылар соттан әділ шешім шығаруды сұрады. Жомарт Ертаев бас бостандығынан айырмауды өтінді.
Жомарт Ертаев, айыпталушы:-Ақшаның бақыт әкелмейтінін кеш түсіндім. Қатты өкінемін. Соның кесірінен абыройдан айырылдым. Бостандыққа шыққан соң не істеймін деген ой мазалайды. Алдымен жәбірленуші тараппен түпкілікті есеп айырысып, туыстарым мен достарыма көмектесіп, балаларымды аяққа тұрғызсам деймін.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07