Елордаға аймақтардан 800 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді
Елордаға 800 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді. Шығыс Қазақстан және Ақмола облысынан қолжетімді бағада жәрмеңке ұйымдастырылды. Базардағы тауарлар құнынан едәуір арзан. Мысалы халық көп тұтынатын жылқы еті 1800 теңгеден басталды. Тұрғындар еттен бөлек бал алуға кезекке тұрды. Қарақұрым халық. Таңмен таласа жәрмеңкеге келген адам көп. Әсіресе, Шығыс Қазақстаннан әкелінген бал cаудасының қасында ине шаншар жер жоқ.
Данагүл Дәулетшіқызы, қала тұрғыны:
-ШҚО-ы болады деген соң арнайы бал алуға келдім. Коронавируста өте жақсы. Бағалары көңіліме қонады.
Етке де кезек. Бағасы арзан әрі күйлі,-деп жылқының етін жұрт қаппен алып бара жатыр.
Жанар Байымбетова, сатушы:
-Екі тонна ет әкелдік. Санын сандай, қазысын, бөлшектеп те сатып жатырмыз.
Елубай Кемербаев, қала тұрғыны:
-Бағалары Астананың базарынан арзан. 1700 қара малдыкі, жылқыныкі - 2000.
Шығыстан Арқаға 300 тоннаға дейін өнім жетті. 40 тонна ет, 45 тонна бал және сүт пен шұжық өнімдері, дәнді-дақылдар бар. Саудагерлер пайдаға кенелді,-дейді. Тек 150 тонна картоп әкелгендер ойдағы бағасына өткізе алмапты. Жәрмеңке заңына бағынуға тура келді.
Ержан Нұрбаев, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:
-Ақмола өңірінде картоп бағасы арзан болып тұр. Біздің кәсіпкерлер 90 теңгеден сатамыз деп жоспарлаған еді. Енді мұнда баға 70-80 болған соң амал жоқ сондай бағамен сатып отырмыз.
Ал қабымен алса келісін 65 теңгеден сатты. Халық жәрмеңкеден іздегенін тауып жатты. Биыл тек құс еті жеткізілмеді. Шығыстық өндірушілер жалпы құны 300 млн теңгеге жуық тауар саудалады.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы