Ыстамбұл көшелерінің біріне Абайдың есімі беріледі

28.09.2020

Түркияның ең ірі мегаполисі Ыстамбұл қаласындағы көшелердің біріне Абай аты берілмек. Қазір қала басшылығымен осы бағытта нақты атқарылатын шаралар пысықталуда. Жағымды жаңалық Ыстамбұл қаласындағы Қазақстан консулының Түркияда тұратын этникалық қазақтармен кездесуінде айтылды. Сұрақ-жауап форматында өткен басқосуда жастар арасында қазақ тілін кеңірек насихаттау және Абай жылында атқарылатын өзге де шаралар жоспарланды. 

Жалпы, бауырлас Түрік елінде Абай жылы аясында бірқатар игі шаралар атқарылды. Бірнеше қалада ақын атындағы саябақтар ашылып, көшелерге аты берілді. 

Зафер Кибар, Абай еңбектерін түрік тіліне аударған жазушы-аудармашы:
Абай атамыздың 175 жылдығы бойынша университеттерде ашық сабақтар өткізіліп жатқанын білемін. Біздің дайындаған аудармаларымыз қайтадан басылып тұр. Абайды таныту үшін біріншіден қолда еңбектері болуы керек. Ол кітаптар дайын болды. Сол кітаптар арқылы барлық университетке зерттеулер жасалып жатыр. 

Айдош Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу