Нұр-Сұлтанда 8 мың бала тегін компьютер алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда 8 мың бала тегін компьютер алды

28.09.2020

Елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына тегін компьютерлер таратылды. Қашықтан оқыту басталғанда қажетті техникамен қамтамасыз етілмегендер көп болды. Осыған байланысты қалалық әкімдік 8 мың компьютер берді.

Бұған дейін көпбалалы жанұядан шыққандарға, мүгедек балаларға 9 мың құрал-жабдық үлестірілген еді. Жыл соңына дейін тағы 26 мың оқушыны қамту қарастырылып отыр. Бұл Нұр-Сұлтан қаласы оқушыларының 20 пайызына тең. 

Дәурен Бабамұратов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі:
Оқу жылы аяқталған соң бұл құрылғыларды қайтадан мектеп басшылығына өткізу керек болады. Жауапкершілік ата-анада және мектеп басшылығында. Бұл копьютерлерді іздеп, сұранып, қаланың басқа жағына барудың қажеті жоқ. Мектебіңізге барасыз, басшылыққа айтып түсіндіресіз, сұранысқа сәйкес бұл компьютерлер үлестіріледі.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу