Алтынемелде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтынемелде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

28.09.2020

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет көзге түскен қар барысының фото, видеоларымен бөлісті. 

«Жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр: «Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы байқалды. Жануар фототұзақ объективіне ілінген», - деп жазды министр Twitter парақшасында. 

Министрдің сөзінше, жойылып кету алдында тұрған жануардың саны әлемде бар болғаны 4 мыңдай ғана. Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. БҰҰДБ Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатқан. 

«Барыстың көзге түсуі - ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар шараларды қабылдап, жүзеге асырмақ», - деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.

Хабарламаларға жазылу