«Қазақстан барысы-2013» жеңімпазы Айбек Нұғымаров екінші айналымнан аса алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы-2013» жеңімпазы Айбек Нұғымаров екінші айналымнан аса алмады

29.06.2014
«Қазақстан барысы-2013» жеңімпазы Айбек Нұғымаров екінші айналымнан аса алмады
 
 
Турнирінің екінші айналымында «Қазақстан барысы-2013» жеңімпазы, «Шығыс барысы» Айбек Нұғымаров қызылордалық Руслан Әбдіразақовпен кездесті.
 
Еске сала кетейік, Айбек Нұғымаров бірінші айналымда Қарағанды облысының палуаны Бекзат Ахметбековті жеңді. Ал оның қарсыласы Руслан Әбдіразақов Алматы облысының үміткері Айдос Қаңлыбаевтан басым түсіп, екінші айналымға өткен еді.
 
Сонымен, екінші айналымда Айбек Нұғымаров «Сыр барысынан» жеңіліп қалды. 

Хабарламаларға жазылу