Елде құс тұмауы өршіп барады. 7 облыста үй құстары қырылып, карантин енгізілген еді. Ең алғашқы ошақ Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді.
Сағындық Сәбитұлы, тілші:
- Жалпы, соңғы мәлімет бойынша облыстың 11 ауданындағы 39 елді мекенде 197 288 құс қырылған. Оның 15 066-сы жеке меншіктікі болса, 182 162-сі құс фабрикасында. Облыс бойынша қазір 18 ауылда карантин енгізілді. Бұған қоса тағы 10-нан астам елді мекенде құстардың өлекселері алынып, сараптама жргізілуде. Құс тұмауы анықталса, оларға да шектеу енгізіледі.
Республикалық Эпизоотияға қарсы күрес жасағы бар, жергілікті ветеринарлар бар, ауру ошағы анықталған жерден 20 шақырым аумақтағы ауылдарда құстарға вакцина салып жатыр. Жалпы, республикалық қордан Солтүстік Қазақстанға 873 мың доза дәрі әкелінген болатын. Қосымша тағы жа жеткізілетін болады.