Басты Жаңалықтар Еліміздегі жолдарға оның құрылымын көрсететін арнайы датчиктер орнатылып жатыр

Еліміздегі жолдарға оның құрылымын көрсететін арнайы датчиктер орнатылып жатыр

Еліміздегі жолдарға оның құрылымын көрсететін арнайы датчиктер орнатылып жатыр

Елдегі жолдарға оның құрылымын, топырақтың температурасы мен ылғалдылық деңгейін көрсететін датчиктер орнатылып жатыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазжолҒЗИ» АҚ мен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК бірлесіп, жол құрылымы мен оның топырақты табанының температурасы мен ылғалдылығы деңгейін анықтауға арналған датчиктерді орнатуға кірісті.

Бұл құрылғылар жол сапасына әсер еткен статистикалық мәліметтерді жинап, оның өзгеруіне себеп болған жағдайларды анықтауға, жол құрылымының жай-күйін толыққанды зерттеуге мүмкіндік береді. Осы орайда ғалымдар әр өңірдегі климаттық жағдайлар мен жол учаскелеріне түсірілетін жүктемелерді есепке ала отырып, құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарының технологиясын түзете алады.

Бүгінгі таңда Петропавл – Қорған және Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-батыс айналма жолының учаскелерін зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта мамандар Омбы – Майқапшағай, Құрты – Бурылбайтал және Ақтөбе – Атырау тасжолдарының учаскелерін зерттемек.

Бөлісу