Кәсіпкерлерге 0% несие беру мәселесі қарастырылып жатыр

25.09.2020

0%-бен несие рәсімделуі мүмкін. Мұны бизнесі тоқтаса да жұмысшыларының төлемақысын толық өтеп отырған кәсіпкерлерге беру көзделген. Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Негізі орынды ұсыныс,-деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы. Карантиндік шектеулер кезінде әсіресе қызмет көрсету саласына оңай тимеді. 800 мыңдай кәсіпкерге соққы болған. Кинотеатрлар мен ойын-сауық орталықтарының табысы 60%-ға азайған. 200 мыңнан аса кәсіпорын пандемия салдарынан әлі жұмыс бастай алмай отыр. Тағы 70 мыңдайы банкрот болуыдың алдында.   

Нысаналы Ығыл  


Хабарламаларға жазылу