Мәскеуде сақтық шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде сақтық шаралары күшейтілді

14.06.2021

Мәскеуде коронавирустың өршуіне байланысты сақтық шаралары қайтадан күшейтілді. Барлық қызметкерлер үшін 20 маусымға дейін демалыс жарияланып, егде жастағыларға үйден шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар сауда орындарындағы ойын алаңдары, фуд кордтар, хайуанаттар бағы уақытша жұмысын тоқтатты. Ал мейрамханалар мен тамақтану орындары тек 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Пандемия басталғаннан бері Ресейде 1 млн 200 мың адамнан Covіd-19 анықталған. Мамандар вакциналау арқылы ғана ұжымдық иммунитетке қол жеткізе аламыз деп отыр. Сондықтан енді әр күн сайын вакцина салдырғандар арасында ұтыс ұйымдастырылып, бес көлік ойнатылады. Ұтыс 11 шілдеге дейін жалғасады.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу