«Ақ жол» партиясының өкілдері мақтааралдық тұрғындармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақ жол» партиясының өкілдері мақтааралдық тұрғындармен кездесті

25.09.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - «Ақ жол» демократиялық партиясындағы жұмыстардың басым бағыты. Шымкент қаласына арнайы іс сапармен барған саяси ұйым жетекшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіндегі «Антикор» орталығының жұмысымен танысты. 

Партия өкілдері мұнан кейін Сардоба су қоймасының жарылуынан зардап шеккен мақтааралдық тұрғындармен кездесіп, көкейде жүрген мәселелерін тыңдады. Өргебас, Фердоуси ауылдарындағы тұрғын үй құрылысы барысына қанықты. Мұнан кейін Мырзакент ауылындағы біркелкі үлгіде үй салынып жатқан жаңа мөлтек ауданда болды. Сондай-ақ өңірдегі Келес және Жетісай ауданы кәсіпкерлермен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдады. Олар «Ақ жол» партиясы өкілдеріне жеміс ағашын өсіретін бағбандарға субсидия беруді тоқтатпау, өндірілген өнімді делдалсыз тұтынушыға жеткізу секілді қиындықтар туралы айтты. 


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу