Шығыс Қазақстанда алдағы екі жылда «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 116 елді мекенде инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандар жаңарады. Шекаралық аймақта орналасқан аудандарды дамыту үшін бес жылдық бағдарлама да әзірленген. Мысалы, осы жобалардың арқасында Күршім ауылында заманауи бассейн салынып жатыр. Жаңа спорт кешенінің құрылысы желтоқсан айында аяқталады.
Жалпы, бүгінде Күршім ауданы бойынша барлығы 200-ге жуық спорт кешені жұмыс істеп тұр. Күнделікті 3 мың оқушы мен 7 мың ересек адам спортпен шұғылданады. Жергілікті билік өкілдері жақын арада бұл көрсеткішті әлі де арттыруды көздеп отыр.
Қанат Оралбек, Күршім аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:
- Бассейннің құрылысы аяқталғаннан кейін мұнда күндізгі сабақ уақытында мектеп оқушылары келеді. Одан кейін бізде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы бар, сол орталықтың балалары да осы жерде спортпен айналысатын болады. Ал кешкі уақытта секциялар жұмыс істеп, жалпы өзіміздің аудан тұрғындары мен қонақтары осы бассейінде су спортының түр-түрін меңгеретін болады.
Берік Көшербай