Tengri Bank салымшылары ақшасын қай банктен алатыны белгілі болды

25.09.2020

Tengri bank салымшыларына кепілдік өтемді қайтаратын агент банк таңдалды. Яғни, бұл міндетті «Еуразиялық банк» АҚ атқарады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметінше, 36 мыңнан астам салымшыға 17 миллиард теңге сомасындағы қаржы алдағы бір жыл ішінде төленеді. 

Tengri bank депозиттерінде ағымдағы шоттары мен карточкаларында ақшасы бар жеке тұлғалар өтем алуға 30 қыркүйектен бастап өтініш бере алады. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып 3-4 қазанда, яғни демалыс күндері агент банктің бөлімшелері салымшыларға қосымша қызмет көрсетеді. Кепілдік өтем салымшының құжаты банкке келіп түскеннен бастап 5 жұмыс күні ішінде төленеді. 

Майра Әбдіраманова, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ басқарма басшысы:

- Ең жоғарғы сома 15 миллион теңгені құрайды. Ал ұлттық валютадағы басқа депозиттер бойынша 10 миллион теңге, шетел валютасындағы депозиттер бойынша б5 миллион теңгені құрайды. Ал егер салымшының осы Tengri bank-те түрі және валютасы бойынша екі немесе одан да көп депозиттері болса, 15 миллионнан аспайтын кепілдікті төлейтді.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу