Павлодар тұрғыны досының атына 14 несие рәсімдеген
Павлодар тұрғыны досының атына жасырын түрде 14 несие рәсімдеген. Ер адам өзінің атына белгісіз біреудің 2,5 млн теңге несие алғанын айтып полицияға шағымданған. Қала тұрғыны несиесі барын тек банктен хабарласып, төлем жасауды сұраған кезде бір-ақ білген. Күдікті ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жанар Белялова, Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Күдікті өзінің кінәсін толықтай мойындады. Жәбірленушінің ең жақын досы. Былтыр досынан карта ашып беруді өтінген. Сөйтіп досының жеке деректерін біліп алған. Осы банк картасы арқылы 14 несие алған. Бұл қаражатты букмекерлік компанияға жұмсағаны белгілі болды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07