Польша коронавирусқа қарсы алғашқы дәріні шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польша коронавирусқа қарсы алғашқы дәріні шығарды

25.09.2020

Польшада коронавирусқа қарсы алғашқы дәрі жасалды. Яғни, әлем бойынша тиімді бірінші препарат. Ол клиникалық сынаққа жіберілді, деп жазады Onet сайты. 

Ақпаратқа сәйкес, дәрі қауіпті кеселден айыққан адамдардың қан плазмасын қолдана отырып жасалған. Препаратты тиісті сынақтан өткізу үшін төрт орталыққа: Люблин, Бытом, Белосток және Варшаваға жөнелтілмек. 18 тамызда басталған препарат өндірісі 23 қыркүйекте аяқталып, нәтижесінде, 3 мыңнан аса ампула шығарылады. Препарат жыл соңында клиникалық мақсатқа қолданысқа беріле бастайды.  

Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу