Фермерлер жәрмеңкеге жұмыртқа мен құс етін әкелмейді
Ақмола облысы мен Шығыс Қазақстан облысының фермерлері елордада өтетін жәрмеңкеге құс етін әкелмейді. Алдағы сенбі-жексенбіге жоспарланған сауда мерекесіне кәсіпкерлер 730 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді деп жоспарланған. Тауарлардың құны базар бағасынан 10-15 пайыз төмен болады. Оның ішінде ет, сүт, бал, сұйық май, жарма өнімдері бар. Ал өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты тауық еті мен жұмыртқа сатылмайды. Дегенмен тұтынушылар сақтық шарасын ескеріп, маска тағып, қашықтық сақтап, антисептик қолданғаны жөн.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07