Басты Жаңалықтар Шығыс Қазақстанда «Мен өз мамандығымның шеберімін!» ақциясы ұйымдастырылды

Шығыс Қазақстанда «Мен өз мамандығымның шеберімін!» ақциясы ұйымдастырылды

«Мен өз мамандығымның шеберімін!». Шығыс Қазақстандағы кәсіптік және техникалық білім мекемелері Еңбек күніне орай осындай атаумен ақция ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттап, мәртебесін арттыру. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы 82 колледжде 35 мыңға жуық адам білім алуда. Олардың жартысынан көбі тегін оқиды. Кадр мәселесін оңтайлы шешу үшін тек биыл аймақтағы колледждерге 6215 грант берілген. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 4,5 миллиард теңге бөлінді. 

Мейрамбек Жігербек, көпсалалы технология колледж студенті:

- Бұл колледжге оқуға түскен себебім оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналастырады және тегін оқып жатырмыз. 

Жалпы Шығыс өңіріндегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жолында соңғы жылдары көп жұмыс атқарылды. Осы мәселеге облыс әкімі ерекше көңіл бөледі. Жұмысшы мамандықтар бойынша жастар арасында өтетін ұлттық чемпионатта Шығыстың студенттері екі жыл қатарынан жеңімпаз атанған. Аймақтағы 6 колледжде құзыреттілік орталығы ашылған. Бүгін біраз студент біліктілігін тағы бір рет шыңдап, «Мен өз мамандығымның шеберімін!» акциясына қатысты. 

Шынар Кекубаева, Өскемен көпсалалы технология колледж директорының орынбасары:

- Бүгінгі сабақтың қорытындысы бойынша балдық жүйемен олардың нәтижесі көрсетіледі. Ең жоғары балл алған балалардың рейтингісі де жоғары болады. Содан кейін жұмысқа орнасқанда да бұл балаларға басымдық беріледі. Жақсы кәсіпорындарға жұмысқа тұрар кезде кәсіби жинақтауларында әрине бұл көрсеткіштер ескеріліп отырады.

Еңбек күніне орайы ұйымдастырлған шара барысында санитарлық талаптардың орындалуына ерекше мән беріліп, студенттер шағын топтарда ғана жұмыс істеді.

Берік Көшербай



Бөлісу