Ақтаудағы газ құю бекеттерінде сұйытылған көгілдір отын тапшы. Салдарынан газдың бағасы шарықтап кетті. Ең арзанының литрі - 48 теңге. Ал кейбір бекеттерде 55 теңгеден сатылуда.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
- Ақтаудағы газ құю бекетінде ұзын-сонар кезек. Жүргізушілер көліктеріне сұйытылған отынды құю үшін сағаттап күтуге мәжбүр. Бұл жағдайдың болып жатқанына 15 күн болған.
Газ құю бекетінің иелері - 100-ге жуық кәсіпкер кеше әкімдік алдына жиналып, өздері алып отырған сұйытылған газдың лимитін көтеруді талап етті. Әкімдіктегілер мәселенің жақын күндері шешілетінін жеткізді. Олардың айтуынша, алдағы күндері Атыраудан 3 мың тонна сұйытылған газ жеткізіледі. Сондай-ақ тағы екі компаниямен келісімшарт жасалған соның негізінде 1300 тонна газ келеді. Соның барлығы Ақтаудағы газ құю бекеттеріне үлестіріліп берілмек.