Түркістан облысында жол апатынан қайтыс болғандар саны 6 адамға жетті. Облыстық жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, 5 адам оқиға орнында жан тәсілім еткен. Ал алтыншы адам жедел жәрдем қызметімен Ордабасы аудандық ауруханасына барар жолда жан тапсырған.
Айнұр Ақбаева, тілші:
- 6 адамның өмірін қиған жол апаты Бадам ауылының жанындағы Арыс-Шымкент автожолында болған. Онда ВАЗ және Mazda автокөліктері соқтығысып, сегіз адамның алтауы жан тәсілім еткен. Олардың арасында бір отбасының мүшелері болған. Куәгерлердің айтуынша, көліктің бірі бұрылмақ болып тұрғанда, екіншісі келіп соққан. Әзірге белгілісі ВАЗ автокөлігі Ресей Федерациясында тіркелген.
Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына байланысты Түркістан облыстық ПД анықтаушыларымен ҚР ҚК 345-бабы 4-ші бөлігіне бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.
Айнұр Ақбаева, тілші:
- Ордабасы аудандық ауруханасына жеткізілген екі науқас та жансақтау бөліміне жатыр. Дәігерлер ес-түссіз күйде түскен 34 жастағы жігіттің жағдайын өте ауыр дейді. Оған ота жасалған. Қазір жол апатынан ауыр жарақаттанғандарға емдік шаралары жүргізілуде.