Алматыда синтетикалық есірткілерді өндіретін зертхана анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда синтетикалық есірткілерді өндіретін зертхана анықталды

24.09.2020

Алматыда есірткі жасауға арналған зертхана анықталды. Тексеру кезінде түрлі шикізаттар мен материалдар тәркіленді. Сонымен қатар 20 литрлік 4 канистр, 80 литрлік 4 бөшке, екі полиэтилен орама табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған шикізаттың мефедрон екендігі белгілі болды. Қалалық ішкі істер департаментінің мәліметінше, аталған зертхана тұрақты түрде жұмыс істеген. Ал есірткі дайындаушылар тобын 1976 жылы туған азаматтың құрғаны белгілі болды.

Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД ресми өкілі:

- Бұл азамат құрықталды. Қазіргі таңда ҚК 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы тәркіленген химиялық заттар және құрал жабдықтардың қай жерден Алматыға алып келгендігін біз міндетті түрде анықтайтын боламыз. Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша 12 жылдан аса бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу