Алматы облысындағы шатыры құлаған спорт кешеніне қатысты зерттеу қорытындысы 3 аптада белгілі болады
Алматы облысы Шонжы ауылында шатыры құлаған спорт кешеніне қатысты зерттеу қорытындысы алдағы 3 аптада белгілі болады. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының мамандары хабарлады. Комиссия өкілдері алдымен оқыс оқиғаның себебін анықтап, кейін шығын көлемін есептейді. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 2 күн бұрын Ұйғыр ауданының орталығында 1 миллиард теңгеден астам қаржыға салынып жатқан спорт нысанының шатыры опырылып түскен болатын. 180 бала жаттығады деп жоспарланған кешен келер жылы қаңтар айында қолданысқа берілуі тиіс еді. Дегенмен, жауаптылар құрылыс уәде еткендей жыл аяғына дейін аяқталады деп отыр.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанаға Сыр өңірінен сауда керуені аттанды
17.09.2026, 13:18
ЕуроОдақ Транскаспий дәлізін дамытуға инвестиция салмақ
17.09.2026, 13:15
Мүлік салығын кешіктірсе, өсімпұл жүреді
17.09.2026, 13:12
Семейдегі аспалы көпір 26 жылдан кейін жөндейтін болды
17.09.2026, 13:09
АҚШ Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені өсірді
17.09.2026, 13:06
Қостанай облысында дәрігерлік амбулатория ашылды
17.09.2026, 13:03
Республикалық бюджет кірісі ₸20 трлн-ға жуықтайды
17.09.2026, 13:00
ЕуроОдақ транскаспий дәлізін дамытуға инвестиция бөлмек
17.09.2026, 10:09