Түрмеде есірткі шегіп туған күн тойлаған сотталушылар желіні шулатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрмеде есірткі шегіп туған күн тойлаған сотталушылар желіні шулатты

23.09.2020

Алматы облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде сотталушылар жаппай есірткі пайдаланып жатқан бейнежазба әлеуметтік желіні шулатты. Видеода жазасын өтеп жатқандар туған күн тойлап, бірнеше жерде есірткі шегіп, мәре-сәре болып жатыр. Бұл оқиға бойынша құзырлы орган өкілдерінен арнайы комиссия құрылып, тексеру басталып кетті. Қазіргі таңда қатаң режимдегі түзету мекемесіне телефон мен есірткі кіргізу жолдары анықталып, қызметкерлерден түсініктеме алынуда. 

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу