Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлейді

23.09.2020

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік Ұйымның мерейтойлық іс-шарасы аясында БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлейді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі шарада әлемдегі түйткілді мәселелер мен сын-қатерлерге тоқталады. Коронавирус пандемиясымен күреске, жаһандық экономиканың өсімін қалпына келтіруге, ядролық қарудан бас тарту және таратпауға, климаттың өзгеруіне қатысты проблемаларды да көтермек. Мемлекет басшысы еліміздің ішкі саясатына қатысты мәселелерді , соның ішінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуына да тоқталады.

Сондай-ақ Президент халықаралық бастама да көтереді деп жоспарланған. Солардың бірі бүкіл әлемдегі волонтерлердің еңбегін мойындауға, құрметтеуге бағытталған. Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің тікелей трансляциясын БҰҰ веб сайтынан елорда уақыты бойынша шамамен сағат 19:45-те көруге болады.   

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу