Қостанайда тұтқын полицейлер көлігінен қашып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда тұтқын полицейлер көлігінен қашып кетті

23.09.2020

Қостанайда ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұсталған азамат, көше ортасында полиция көлігінен түсіп қашып кетті. Ішімдік ішіп алған оны құқық қорғаушылар айықтырғышқа апара жатқан. Көлік бағдаршамға тоқтаған сәтті пайдаланып, күдікті ашық тұрған артқы есіктен сытылып шығады. Бұл оқиға келесі көліктің бейне жазбасына түсіп, әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Қашқын сол жерде бірден ұсталды. Ал бейқамдық танытқан полиция қызметкерлері тәртіптік жауапқа тартылды.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу