Жамбыл облысындағы ауылдарға қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы ауылдарға қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді

22.09.2020

Жамбыл облысында ауылдық ауруханаларға медициналық заттар мен дәрі-дәрмектер жеткізілді. Игі шараны «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұйымдастырды. Партия мүшелері дәрігерлерге 1,5 миллион теңгенің қорғаныш заттары мен иммунитет көтеретін және инфекцияға қарсы препараттарды табыстады. 

Сондай-ақ пандемия кезінде COVID-19-бен ауырған бірнеше медициналық қызметкерге емдеу-сауықтыру орындарына тегін жолдама берілетін болды. Бұл бастама алдағы уақытта жалғасын тауып, 10 ауданды қамту көзделіп отыр. 

Айта кету керек, Жамбыл облысында «Ауыл» партиясының 25 мыңнан астам мүшесі бар.

Ерболат Саурықов «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы облыстық филиалының төрағасы:

- Аудан орталықтарында дәріханалар, ауруханалар бар. Ал сол ауданға қарасты ауылдарда дәріхана жоқ екен. Олардың барлығы керекті заттарды аудан орталығына келіп алады екен.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу