«Qoldau» ақпараттық порталын пайдалану үшін абоненттік төлемді арзандатып немесе жылына бір рет тегін қылу керек. Бүгін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық кеңестердің жаңа мүшелерімен кездесті. Онлайн жиынға 463 кәсіпкер қатысты. Олар «Qoldau» қосымшасын пайдалану ақысы маусым айында 3,7 есеге қымбаттағанын, ол тиімсіз екенін айтты. Өйткені, бұл портал субсидия алуға өтініш беретін негізгі жүйе. Сондықтан, қазіргі күрделі жағдайда қолдау қажет екенін жеткізді.
Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы:
- Биылғы жыл біз үшін оңай болмай жатыр. Үкімет бизнесті қолдау үшін бірқатар шаралар ұсынды. Бірақ, біз тиімсіз шараларды анықтап, оларды тез түзетуіміз керек. Сондықтан пікір алмасу өте маңызды. 29 қазанда конгресс өткізуді жоспарлап отырмыз.
Амангелді Сейітхан