Ақмола облысында демалыс күндері 9 той өткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында демалыс күндері 9 той өткен

21.09.2020

Көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізуге шектеу қойылғанына қарамастан Ақмола облысында демалыс күндері той өткізгендер анықталды. Демалыс күндері аймақта мамандар рейд жүргізіп 23 нысанның карантиндік шектеу талаптарын бұзғандығы әшкереленді. Оның 9-ы - үйлену тойлары. Көкшетауда 5 мейрамхана жұмыс істеген. Тойларда 100 шақты адамнан болған. Жеке тұлғаларға 30, ал кәсіпкерлік нысандардың иелеріне 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынбақ. 

Сәуле Сәдуақасова, Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:

-17 тамыздан бастап карантин талаптары жеңілдетілді. Дегенмен көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға рұқсат жоқ. Қоғамдық тамақтану орындары 50 адамға дейін келушілерді қабылдап жұмыс істей алады. Мекеменің жалпы сыйымдылығын да ескеру қажет. Бірақ бұл той өткізуге болады деген сөз емес. Осыны дұрыс ажырата білу керек. 

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу